Биылғы жаңа жыл үмітімізді ақтап, баршамызға шығармашылық табыстар әкелсін. 2022 жыл біздің оқушылар үшін жетістіктерге толы жыл болды. Оқушыларымыз аудан, облыс, республика көлемінде өткен байқауларда мектебіміздің намысын қорғай білді. Солардың бірі 9-сынып оқушысы Мырзат Жәнібек Семейде өткен Абай оқуларының республикалық кезеңіне қатысты. "Дебат – жай ғана интеллектуалды ойын емес, ол сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыратын, ақпаратты дұрыс талдайтын, топпен жұмыс жасайтын, сұрақ қойып, нақты жауап беретін білім беру технологиясы" Білім министрі А.К.Аймағанбетов . Мектебіміздің оқушылары дебат сайысы бойынша аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүр. Мектебіміздің құрамындағы «Әділет» пікірсайыс командасы Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің кубогына арналған республикалық турнирге қатысты. Бұл турнирде барлық аймақтардан келген оқушылар пікір сайысына түсіп, өз бақтарын сынады. Пікірсайыста жақсы ойын көрсеткені үшін оқушылар арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. «Әділет» пікірсайыс командасы Тайынша ауданының оқушыларын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.